Астаналық төрт жасар бала күн санап қартайып бара жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық төрт жасар бала күн санап қартайып бара жатыр

Астаналық төрт жасар бала күн санап қартайып бара жатыр

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

“Ернардың ауруы туа салысымен басталды. Екі айдан соң бет әлпетінде қыртыстар пайда болды. Генетик маман тері қартаюы деген диагноз қойды. Одан бөлек тағы қосалық аурулары бар: иммунтапшылығы, жүрек ақауы, тыныс демікпесі, өкпе фиброзы.

  • 18 Қаңтар 2017
  • 7183
Фото - Caravan.kz

“Ернардың ауруы туа салысымен басталды. Екі айдан соң бет әлпетінде қыртыстар пайда болды. Генетик маман тері қартаюы деген диагноз қойды. Одан бөлек тағы қосалық аурулары бар: иммунтапшылығы, жүрек ақауы, тыныс демікпесі, өкпе фиброзы. Бұл аурулар бір жастан асқан кезде шыға бастады. Осыған дейін үш рет операцияға түсті”, – дейді Ернардың анасы Зебинса Төлепбергенова.

34e467324485b3eb8945835248c85200

Төлепбергеновтер отбасы Ташкенттен көшіп келген. Бұған дейін Ернарға дейін туған қыздары 8 айлығында шетінеп кетіпті.

“Жүктілік кезінде бәрі дұрыс болған. Дәрігерлердің айтуынша, біз күйеуіміз екеуміз алыс туыстар болғандықтан осындай мәселе туындап отыр екен”, – дейді Зебинса Төлепбергенова.


2297b77a72b039208a216d1fc2a6cb07

Қазіргі таңда отбасы қалалық әкімдікке өтініш беріп қойған. Енді қаңтар айының аяғында шығатын шешімді күтуде. Көмек сұрамаса, олардың аса қымбат тұратын дәрілер алуға мүмкіндігі жоқ. Сондай-ақ, Ернардың анасы жалдамалы пәтерде тұратындықтан, баласына ыңғайлы жағдай жасай алмай жатқанын да айтты. Өйткені, көптеген ауруға қатар шалдыққан бала кез-келген қолайсыздықты ауыр қабылдайды.