Астаналық тұрғын көшесінің «Жансүгірұлы» аталуына қарсы
Астана қаласының тұрғыны Рамина Сұлтанова елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың жеке блогына хат жазып, |
онда Алматы ауданындағы бұрынғы Училищная көшесі Жансүгіров есімімен атала бастағанын айтқан. Бірақ сол көше кенеттен Жансүгірұлы болып қайта өзгертілген.
«Оны орысшаға аударсақ - «Жансүгірович». Неге Жансүгіров емес? Өйткені, «Ауезов» дегенді қазақша «Әуезов» деп жазып қойдық қой», - дейді тұрғын.
Оның сұрағына жауап берген Астана басшысы: «Астана қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы №60 қаулысымен және Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы №33/6-IV шешімімен «Училищная» көшесі Ілияс Жансүгірұлы көшесі атанды. Ілиястың ғұмырнамасын зерттеушілер архив құжаттарын зерделей келе, оның өз шығармаларына «І. Жансүгіров» емес, «І. Жансүгірұлы» деп қол қойғаны анықталды.
Сондықтан, елордадағы көшелердің атын өзгерту барысында құрамына ғалымдар, тарихшылар, тілшілер мен жазушылар кіретін Астана қаласының ономастикалық комиссиясы осы деректі қаперге алып, көшенің атын ақынның авторлығына сай өзгертуге шешім қабылдады», - деп толыққанды жауап қайырды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін