Caravan Logo

Астаналық журналистер мемлекеттік тілді игеруді қолға алды

Астаналық журналистер мемлекеттік тілді игеруді қолға алды

Әр ұлт өкілдерінің 50-ден астам өкілі қазақ тілін үйренуге құлшыныс білдірген. Мемлекеттік тілді игеру сабақтары тұрмыстық, коммуникациялық, кәсіптік және іскерлік тіл деген төрт деңгей бойынша ұйымдастырылмақ. 8 айлық курстан өткендер "қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуге машықтанды" деген сертификат алады.

Оқытушы Тоқтасын Өмірзақовтың алғашқы сабақта атап көрсеткеніндей, "оқыту жұмыстары аяқталған кезде журналистер екі тілде бірдей кәсіби деңгейде хабар тарату және жаза білуге машықтанады" .