Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласындағы Француз Альянсының баспасөз қызметі мәлім етті.
«Француз тілінде сөйлейтін Бельгия, Канада, Румыния, Франция және Швейцария сияқты мемлекеттер Франкофония мерекесі құрметіне осындай киноларды көрсетуді ұйымдастырып отыр», — деп атап көрсетті ұйымдастырушылар.
Киномарафон Қазақстанның: Алматы, Қарағанды, Шымкент және Қостанай тәрізді бірнеше қаласында өтеді. Астанада Еуропа режиссерлерінің кинофильмдерін көрсету «Сарыарқа» кинотеатрында 31 наурыз бен 4 сәуір аралығында жүреді.
Фестиваль аясында:«Лазар мырза», «Барон», «Шағын бөлме», «Махаббат» атты төрт картинаны көрсету қарастырылған. Басталуы19.00-де, кіру тегін.