Астаналықтарды жылы әрі құрғақ қараша күтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналықтарды жылы әрі құрғақ қараша күтуде

Астаналықтарды жылы әрі құрғақ қараша күтуде

Астана және Ақмола облысында қараша айында ауа райының орташа температурасы -3 -6 °С болады деп күтілуде, бұл нормадан 1-2 градусқа жоғары,

  • 30 Қазан 2012
  • 376
Фото - Caravan.kz

деп хабарланды «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасаған Астана әкімдігінің сайтында.

Синоптиктердің мәліметтерінше, бұл айда түсетін жауын-шашынның көлемі де нормадан төмен болады (норма: 18-30 мм). Кейбір жерлерде жауын-шашынның жиі түсуі екінші және үшінші онкүндікте болуы мүмкін. Бірінші онкүндіктің аяғына қарай және үшінші онкүндікте тұман түсуі ықтимал, екіншісінің ортасында және үшінші онкүндікте көктайғақ болуы мүмкін.

Айдың ортасында елдің батысында бұрқасын болып, желдің 15-20 м/с дейін жылдамдықпен соғуы күтілуде.

Соңғы жаңалықтар