деп хабарланды «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасаған Астана әкімдігінің сайтында.
Синоптиктердің мәліметтерінше, бұл айда түсетін жауын-шашынның көлемі де нормадан төмен болады (норма: 18-30 мм). Кейбір жерлерде жауын-шашынның жиі түсуі екінші және үшінші онкүндікте болуы мүмкін. Бірінші онкүндіктің аяғына қарай және үшінші онкүндікте тұман түсуі ықтимал, екіншісінің ортасында және үшінші онкүндікте көктайғақ болуы мүмкін.
Айдың ортасында елдің батысында бұрқасын болып, желдің 15-20 м/с дейін жылдамдықпен соғуы күтілуде.