Д.Валтонның айтуынша, шетелдік ғалымдар тобы Қазақстан Елордасын тұрақты дамытудың негізгі принциптерін жасап шығарды. Атап айтсақ, Астананы одан әрі дамытудың негізгі 5 принципі ұсынылды. Біріншіден, «Елордасы табысты әрі бірегей, халықаралық деңгейде болуға тиіс». Екіншіден, «ол қауіпсіз болуға және әрбір тұрғынды қамқорлыққа алуға тиіс». Дамыту принциптерінің арасында «тартымдылық, жанға жайлылық және қаланы көгалдандыру» принциптері де бар.
Д.Валтонның пікірінше, «Елордасы динамикалы, озық әрі думанды» болуға тиіс деген 4-ші принципке баса назар аударды. Сонымен бірге бағдарлама авторлары қалалық биліктің басқару тиімділігіне де көңіл бөледі.
Бағдарлама жобасын жасаушылар қаланы дамытудың экономикалық, мәдени, әлеуметтік жақтарына қатысты бірқатар нұсқаулар берді.
Семинарда сөз сөйлеген Астана қаласының әкімі Өмірзақ Шүкеев билік үшін «қаланы тұрақты дамытудың маңызын атап өтті». «Дүниежүзіндегі көптеген ірі қалалардың даму тарихы нақты айқындалған сттратегиялық мақсаттар мен басымдықсыз қаланы тұрақты дамыту мен тұрақтылық орнату мүмкін емес екеніне дәлел бола алады»,- деді қала басшысы.