«Астананы» жеңе алмаған Падольский алаңнан ашуланып кетіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астананы» жеңе алмаған Падольский алаңнан ашуланып кетіп қалды

«Астананы» жеңе алмаған Падольский алаңнан ашуланып кетіп қалды

Жеңіске бергісіз тең ойын! «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасы аясында қол жеткізген алғашқы ұпайын тойлап жатыр. Түріктің «Галатасарайымен» тең ойнаған жерлестеріміздің жеңіске жетуіне мүмкіндік бар еді. Тек сәттілік жолдас болмады. Десек те, тең ойынды сенсацияға  балаған жанкүйерлер бұл нәтижені дүркіретіп атап өтті. Тіпті күллі әлем көз тіккен ойыннан ерекше шабыт алған Мәдениет министрі бұдан кино түсіруге болатынын айтып ағынан жарылды.

  • 2 Қазан 2015
  • 303
Фото - Caravan.kz

Маңызды матч алдында әдеттегідей УЕФА Чемпиондар лигасының символы шығарылып әнұраны орындалды. Бір-бірін аңдудан басталған   Астана мен Галатасарай арасындағы ойынның 32-минутында түркиялық Біләл Кыса алыстан соққы бағыттап, есеп ашты. Күш алған қонақтардың арыны көп созылған жоқ. Екінші таймда түріктер өз қақпаларына өздері доп салып, есепті теңестіріп берді.

Дәл осындай жағдайды біздің қақпашы қайталады. Допты тіреймін деп қақпаға кіргізіп алды.

Осыдан кейін стадионға лық толған жанкүйерлердің еңсесі түсіп кеткен. Бірақ, ойынның аяқталуына небары екі минут қалғанда Галатасарай футболшысы өз қақпасына тағы доп салып алды. АвтоГол. Есеп 2:2.

Ал Қазақстанды Боратқа теңеп кейін кешірім сұраған «Галатасарайдың» шабуылшысы Лукас Падольскийді біздің қорғаушылар қыспаққа алып, адымын аштырған жоқ. Ақыры алаңнан кеткен Падольский су толы жәшікті теуіп ашулы жүр. Мұндай тегеурінді қарсылықты күтпеген «Галатасарайдың»  футболшылары елдеріне еңсесі түсіп қайтты.

Хамза Хамза Оғлы, «Галатасарай» футбол клубының бас бапкері:

Ойын өте қиын болды. Байқасаңыздар, Чемпиондар лигасына кіл мықтылар өткен .«Астана» жақсы ойын өрнегін көрсетті. Бірақ әлі ештеңе жоғалтқан жоқпыз. Алда төрт ойынымыз бар.

Осы тең ойыннан соң жерлестеріміз өз тобында үшінші орынға жайғасты. Енді атақты «Атлетико», «Бенфика » және «Галатасараймен» бір топқа түскен «Астана» бұл нәтиженің кездесейсоқ болмағанын Түркияда дәлелдеуі тиіс.

Жанкүйерлер осы стадионда ерлік көрсеткен сүйікті клубының жеңісін түннен таңға дейін тойлады. 3 ұпай иеленеміз деп өздеріне өте сенімді тіпті менсенбей келген «Галатасарай» енді «Астанаға» қатысты тактикасын дереу өзгертіп жатыр. Қарымта ойын 8-ші желтоқсанда Стамбулда өтеді. Ал тура 20 күннен кейін «Астана» Мадридке барып, атағынан ат үркетін Испанияның «Атлетикосымен» кездеседі.

Соңғы жаңалықтар