Астананың 38 қиылысында жаңа жол тораптары пайда болады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың 38 қиылысында жаңа жол тораптары пайда болады

Астананың 38 қиылысында жаңа жол тораптары пайда болады

Елордада оңға бұрылу сұранысын қанағаттандырмайтын бағдаршамдық реттеудің қиылыстары анықталды. Осыған байланысты 38 қиылыста жол тораптардың құрылысы бойынша жоспар әзірленді, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

  • 2 Қазан 2017
  • 211
Фото - Caravan.kz

"Бірінші кезекте Уәлиxанов және Сейфуллин көшелері бойынша жобалардың іске асырылуын қарастыруды ұсынамыз. Айта кетейік, әр көше бойынша 25 автобус жүреді. Аталмыш учаскеде қоғамдық көліктің жолаушылар ағыны тәулігіне шамамен 140 мың жолаушыны құрайды,- деді жұма күні "2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту жөнінде" бағдарламаны іске асыру барысында елорданың көлік кешенін жаңғыртуға арналған "Нұр Отан" қалалық партиясының тыңдалымында "Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы" ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов.

Онымен бірге ведомство басшысы атап өткендей, Астанада алдағы 5 жылға арналған көлік инфрақұрылымының құрылыс жоспары әзірленді. Ерекше назар көшелердің және даңғылдардың қосылуына, сондай-ақ өтпежол инфрақұрылымын дамытуға бөлінеді.


Үлкен және Кішкентай  2 айналма жолдың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Оның құрылысы қалада транзитті көліктің санын азайтуға көмектеседі.