Астананың 60 кішкентай ханшайымы «Жұлдыз» атану үшін өзара сайысқа түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың 60 кішкентай ханшайымы «Жұлдыз» атану үшін өзара сайысқа түседі

Астананың 60 кішкентай ханшайымы «Жұлдыз» атану үшін өзара сайысқа түседі

30 қазанда Астанадағы Оқушылар сарайында «Кішкентай жұлдыз» атты қалалық байқау өтеді.

  • 25 Қазан 2012
  • 407
Фото - Caravan.kz

Оған 6-7 және 8-10 жас аралығындағы қыздар қатысады.

Байқауды ұйымдастырудағы мақсат — кішкентай қатысушылардың бойындағы өнерін шыңдап, талантын ашу, жеке стильді қалыптастыруға, сахна үстінде, фото және видео объектив алдында өзін дұрыс ұстай білуге үйрету.

Кішкентай ханшайымдар ән, би, қолөнер және дефиле сынды кезеңдер бойынша сайысқа түсетін болады. Алғашында байқауға 60 үміткер қатыстырылады, олардың арасынан іріктелген 20 «кішкентай жұлдыз» келесі кезеңдерге өтеді. Онда байқаушылар өзін-өзі таныстыру, кішкентай арудың қолөнері (сурет салу, қолөнер, мүсін және т.б), сән үлгісін көрсету секілді кезеңдерден өтеді. Жас ерекшелігіне қарай «Кішкентай Жұлдыз-2012», «Сүйкімді үлгі-2012», «Алтын саусақтар-2012», «Көрерменнің көзайымы» атты аталымдар белгіленеді. Бас жүлде иегерлері ерекше сыйлықтармен, Оқушылар сарайының дипломымен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар