Астананың Абай даңғылындағы өртте 2 адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың Абай даңғылындағы өртте 2 адам зардап шекті

Астананың Абай даңғылындағы өртте 2 адам зардап шекті

ТЖ департаменті елорданың Абай даңғылында болған ірі өрттің жай-жапсарын хабарлады.

  • 25 Қараша 2015
  • 404
Фото - Caravan.kz

«2015 жылы 25 қарашада сағат 12.31 Абай көшесінің бойындағы  оқу комбинаты мен жатақханада  өрт шықты деген хабар келіп түсті.Өрт шыққан жерге жеткен кезекшілер қарауылы ғимараттағы екі қабатты жатақхананың шатыры отқа оранып жатқанын анықтады. 2-нөмірлі шақыру санаты жарияланды. Жалынның салдарынан жатақхананың 2 тұрғыны: 1991 жылғы әйел (ауырлығы 2-ші дәрежелі күйік) және 1979 жылғы ер адам (түтін иісінен улану) зардап шекті», — делінген хабарламада.

Қазір Астана қалалық ТЖД өрт сөндіру-құтқару құрылымдары цех  аумағында шыққан тілсіз жаумен күресіп жатыр. Жалын шарпыған аумақ анықталуда.


Соңғы жаңалықтар