Астананың аштық жариялаған үлескерлері елордада митинг өткізуді көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың аштық жариялаған үлескерлері елордада митинг өткізуді көздеп отыр

Астананың аштық жариялаған үлескерлері елордада митинг өткізуді көздеп отыр

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Астананың аштық жариялаған үлескерлері егер олардың талаптары орындалмаса, елордада митинг өткізуді көздеп отыр. Бұл туралы жұмы күні "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның үлескерлер қауымдастығының төрағасының орынбасары Марина Мамырова мәлімдеді.

  • 19 Мамыр 2008
  • 543
Фото - Caravan.kz

«Біз маусым айының 6-сы күні рұқсат етілген митингке шығуға келісім беру жайында айтып әкімдікке хат жаздық», — деді М. Мамырова. Бұл ретте ол үлескерлердің бейбіт шеру ұйымдастыруды жоспарлап отырғандарын атап көрсетті. «Заңмен бекітілген мерзімде билік бізге жауап берулері тиіс», — деп атап көрсетті қауымдастық өкілі.

Оның айтуынша, аштық жариялаушылардың басты талаптары үлескерлер проблемаларына елдің, биліктің назарын аудару, үкіметте төтенше жағдай комиссиясын құру болып табылады.

«Бізде қала әкімінің орынбасары Сергей Хорошун мен құрылыс департаментінің директоры Владимир Лютов болды. Әзірге ешқандай шешім жоқ. Сондықтан, аштық жалғаса береді», — деп хабарлады қауымдастық өкілі.

«Біздің жариялаған аштығымыз 1-2, тіпті болмаса, үш ай жалғасуы мүмкін. Бұл бізбен конструктивтік диалогқа келмейінше жалғаса бермек», — деді акцияға қатысуышы. Осы жасала салысымен біз аштығымызды тоқтатамыз», — деп түсіндірді ол.

«Әзірге 11 адам аштық жариялап отыр. Бүгін біз құрамымызды өзгертеміз. Бізде қарсылық акциясына бел шешкен адамдар саны жетерлік», — деді акцияға қатысушы.

«Астанада қазір 33 884 үлескер бар. Ал республика бойынша біз 100 мыңбыз. Оларға отбасы мүшелерін қоссаңыз 700 — 800 мың адам шығады. Бұл нағыз әлеуметтік жарылыс», — деп атап көрсетті М. Мамырова.

«Алматыдан да үлескерлер келіп жатыр. Олар да бізбен бірге аштық жариялайтын болады. Адамдардың шыдамы таусылды. Олар қандай шара ұйымдастыруға болсын дайын», — деп сөзін түйді ол.

Естеріңізге сала кетсек, қарсылық акциясын алданған үлескерлер 7 мамырда бастаған. Билік өкілдері қалыптасқан жағдайға орай әзірге өз түсініктерін берген жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті