Басқа өңірлерден келіп жатқан бірінші сынып оқушыларының және жоғары оқу орындарына қадам басқан студенттердің санын ескере келе, әкім ата-аналарды, көлік жүргізушілер мен білім алушыларды жолдарда сақ болуға және жол қозғалыс ережелерін сақтауға шақырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.
Онымен бірге қауіпсіздік мақсатында қала басшысы тұрғындарға балаларға жол қозғалыс ережелерін үйретіп, білім ордаларына баруда барынша қауіпсіз әрі ыңғайлы бағытты алдын ала белгілеп алуларына кеңес берді. Бүгінде Астана қ. білім нысандарының жүйесін 422 ұйым таныстырады. Атап айтқанда 264 мектепке дейін білім беру мекемесі, 95 орта білім беру нысаны, 34 теxникалық және кәсіби білім беру ордасы.
Қазіргі уақытта қалада түрлі типтегі 264 мектепке дейінгі мекеме бар, оның ішінде 97 мемлекеттік, 2 ведомстволық және 116 жеке, 49 шағын орталық.
Елордада 95 жалпыбілім беретін мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 84 мемлекеттік және 11 жеке мектеп.
Айта кетейік, жаңа оқу жылында елордада 23 мың оқушы мектеп табалдырығын аттады. Оның 17 мыңы бірінші сынып оқушысы.
Бүгінде 66 мамандық және 113 квалификация бойынша 34 колледжде (12 мемлекеттік және 22 жеке) мамандарды дайындау жүргізілуде.
Астанада 26 262 адам теxникалық және кәсіби біліммен қамтылған, оларлың көбісі 15-20 жас аралығындағы жастар.
2017 жылы "Тегін кәсіби-теxникалық білім бәрі үшін" жобасы басталды, соның аясында 4757 студент оқумен қамтылмақ.
1000-нан астам студент дуалды оқумен қамтылған.