Жарияланды: 420

Астананың әттеген-айы! Елбасы шенеуніктерге қатаң ескерту жасады

Бас қала - Астанада шешілмей жатқан әттеген-айлар көп. Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз міндеттерін дұрыс атқармаған шенеуніктерге қатаң ескерту жасады. Өткір сөзді, әсіресе,Үкімет мүшелеріне естуге тура келді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ағаш егілген алаңның дәл артында бадырайтып тұрып «дәретхана» деп жазылған. Оның артқы жағында Үкімет үйі тұр. Сенің. (Мәсімовке айтқаны). Барлығын реттеп, тәртіпке келтіру керек.

Елорданы дамыту мәселелеріне арналған жиында жоғары лауазымды тұлғалар мектеп оқушылары тәрізді жауап берді. Басым бөлігі «жақсы» деген бағаны да ала алмады. Қала сәулетінен бастап, мәдени мазмұнына дейін-барлығы сынға алынды. Егер келеңсіздіктер дер кезінде жойылмаса, бірқатар министрлер қызметтерімен қоштасуы да мүмкін. Президент қаһарлы қысқа даярлықтың барысына алаңдаулы. Оның айтуынша, тұтыну көлемі ұлғайып бара жатқанымен, жылу жүйесінің қуатын арттыру бойынша жұмыс тиісті деңгейде жүргізілмей жатыр. Осыған байланысты әкімдерге жалған баяндамалар мен көзбояшулықтан бас тартып, нақсы іске кірісуді тапсырды. Құрылыс сапасы да назардан тыс қалмады. Астанада жаңадан салынып жатқан нысандар халықаралық талапқа сай болуы тиіс. Алайда кемістігі мол бұлардың жағдайы көңіл көншітпей отыр. «Ел ордасында ең озық әдістемелер мен инновациялық технологиялар қолданылуы тиіс», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы сонымен қатаржауаптыларды саябақтарда заңсыз сауданы тоқтатып, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. Жалпы,халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарту бірінші кезектегі мәселе болмақ. Бұл үшін астаналықтардың демалысы үшін қолайлы жағдай жасап қана қоймай, азық-түлік бағасын да тұрақтандыру көзделген.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Айтылған сөздерім орындалмай жатыр! Астананы азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін ауыл шаруашылық саласына  жеткілікті ақша бөлінген.  Бұрынғы министрдің қызметінен кеткеніне де дәл осы талаптың орындалмауы  түрті олған. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть