Астананың атын өзгертуді ұсынған депутат Қуаныш Сұлтановтың балалары туралы не білеміз? - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың атын өзгертуді ұсынған депутат Қуаныш Сұлтановтың балалары туралы не білеміз?

Астананың атын өзгертуді ұсынған депутат Қуаныш Сұлтановтың балалары туралы не білеміз?

Caravan.kz медиа-порталының редакциясы белгілі қоғам қайраткерлерінің балалары туралы әңгімелеуді жалғастырады.

  • 29 Қараша 2016
  • 5758
Фото - Caravan.kz

Өткен аптада Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың ұсынысы көпшіліктің талқысына түсіп қалды. Ол Елордаға Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы бастама көтерген болатын. Мұнысы әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Содан кейін Мемлекет басшысы ресейлік журналиске берген сұхбатында Астананың атауы ешқашан өзгермейтінін мәлімдеді.  

Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов – «Нұр Отан» партиясынан VI шақырылымдағы Мәжілістің депутаты. Бұрын Сенаттың депутаты болған. Адам құқығы жөніндегі комиссияны басқарды. Қазақстанның Қытай халық Республикасындағы елшісі болып, Моңғолияда, КХДР-де және Вьетнамда  осы қызметті қоса атқарды (05.1995 ж. – 06.2001 ж.).Премьер-министрдің бұрынғы орынбасары (01.1993 ж. – 03.1994 ж.), ҚР Жоғарғы Кеңесінің экс-төрағасы (04.1994 ж. – 03.1995 ж.).

Қуаныш Сұлтанов. Tengrinews фотосыҚуаныш Сұлтанов. Tengrinews фотосы

Қуаныш Сұлтанов 1945 жылдың 12 мамырында бұрынғы Талдықорған облысының Көктал ауылында туылған. Әйелінің аты-жөні – Бекеш Дәулетбаққызы Әділбекова (1946 ж.т.). Үш қыз, екі ұлы бар. Қыздары – Гүлнәзия (1970 ж.т.), Гауһар (1974 ж.т.), Анбиян (1989 ж.т.); ұлдары – Айдын (1972 ж.т.), Ойлан (1993 ж.т.).

Гүлнәзия Сұлтанова

1970 жылдың 22 шілдесінде туылған.

Alumni.kaznmu.kz сайтынан скриншотAlumni.kaznmu.kz сайтынан скриншот
Ғаламторда депутаттың үлкен қызы туралы мәлімет тым аз. Әлеуметтік желілерде, сән-салтанатты кештерде байқалмаған. Тек Түлектер қауымдастығындағы ақпаратта Гүлнәзия Қуанышқызы Сұлтанованың 1997 жылы Аспендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітіргені туралы айтылған.

 Гаухар Сұлтанова

Гаухар Сұлтанова. Kzmz.kz  сайтының фотосыГаухар Сұлтанова. Kzmz.kz сайтының фотосы

1974 жылы туылған.

«Дарын» сыйлығына ізденуші үміткер. Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының пианист-солисті. Карлсруэ қаласындағы (Германия) Жоғары музыкалық университеттің докторанты. Алматы, Астана, Мәскеу, Бейжің, Чикаго сахналарына концерттік бағдарламамен шығып жүр. Қуаныш Сұлтанов бір сөзінде әкесінің үмітін ақтап жүрген қызын мақтан тұтатынын айтқан.

Гаухардың өзі бала кезінен музыканың ортасында жүргенін жеткізіпті. «Мен музыкалық атмосферада өстім. Біздің отбасы үшін музыканың маңызы ерекше» дейді ол.


Гаухар Байсейітова атындағы музыкалық дарыны бар балаларға арналған мектепте оқыған.

1994 жылы Германияның Карлсруэ қаласына барып, жоғары музыкалық мектепке түскен.

1998 жылы екі жылдық аспирантураға түсіп, сосын тағы екі жыл докторантурада оқыған.

Вернер Генуит пен Кармен Пиацциниден дәріс алған.

Анбиян Сұлтанова

1989 жылдың 1 тамызында туылған.

Мемлекетік кіріс комиетіндегі мәлімет бойынша, елімізде Сұлтанова Анбиян Қуанышқызы деген бір адам ғана тіркелген. Соған қарағанда, Фейсбуктегі Анбиян Сұлтанова деп тіркелген адам сол болуы керек.

Анбиян Сұлтанова. Фейсбуктегі фотоАнбиян Сұлтанова. Фейсбуктегі фото
Анбиян Сұлтанова. Фейсбуктегі фотоАнбиян Сұлтанова. Фейсбуктегі фото

Әлеуметтік желідегі мәлімет бойынша, Анбиян Бейжіңдегі үнді елшілік мектебін, Бейжің бизнес халықаралық мектебін, Цзяотун университеті мен Қазақстан-Ресей университетін бітіріпті.  

Анбиян Сұлтанова. Фейсбуктегі фотоАнбиян Сұлтанова. Фейсбуктегі фото

Қазір мемлекеттік кіріс комитетінде жұмыс істейді.

Айта кетейік, El.kz сайтында да осы қызға тиесілі парақша бар.

El.kz фотосыEl.kz фотосы

Айдын Сұлтанов

1972 жылдың 3 ақпанында туылған.

Ақпарат құралдарындағы дерекке сүйенсек, 2012 жылы MEGA Alma-Ata сауда-көңіл көтеру орталығының директоры болған.

Айдын Сұлтанов. Azan.kz фотосыАйдын Сұлтанов. Azan.kz фотосы

2014 жылдың сәуіріндегі мәлімет бойынша, Айдын Қуанышұлы Сұлтанов – «Алматы» қонақ үйінің директоры.

Айдын Сұлтанов. VoxPopuli фотосыАйдын Сұлтанов. VoxPopuli фотосы 

Соңғы жаңалықтар