Астананың әуежайына жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар берген азамат сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың әуежайына жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар берген азамат сотталды

Астананың әуежайына жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар берген азамат сотталды

Астана қаласы Есіл ауданының №2 соты лаңкестік акті туралы жалған хабар берген ер адамды үш жылға бас бостандығынан айырды.

  • 29 Қазан 2012
  • 363
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Сотталушы Д.А.Анарбай алкогольді мас күйінде таныс үш бойжеткенмен бірге мейрамханалардың бірінің VIP залында отырып, бұзақылық пиғылда қасақана Астана қаласының халықаралық әуежайына ұялы телефонынан қоңырау шалып, дайындалып жатқан лаңкестік акті туралы көрінеу жалған хабар берді.

Нақтылап айтқанда, 2012 жылдың 9 сәуірі күні таңертеңгі рейспен Алматы қаласы бағыты бойынша беліне «шахид белдемшесін» тағынған «Петрова Юля» есімді қыз ұшып шығатындығын айтты. «Шахид белдемшесі» психо-филологиялық сот сараптамасының қорытындысы бойынша «қолдан жасалған жарылғыш зат» ретінде қарастырылады. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жарылғыш зат және өзге де қауіпті заттар табылмады.

2012 жылдың 25 қазанында шыққан соттың үкімімен Д.А.Анарбай ҚР ҚК-нің 242-ші бабында қарастырылған қылмысты жасауда айыпты деп танылды. Ол жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтеумен үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар