Астананың әуежайында радиацияны анықтауға арналған "Янтарь" жүйесі орнатылған
Астанада халықаралық әуежайда радиацияны анықтауға арналған "Янтарь" жүйесі пайдалануға берілді. |
"Бұл ресейлік өндірісте шығарылған жүйе, ол кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте кеңінен қолданылуда. Ол нормадан асатын кез-келген радиацияны сезіп қояды", деді жұмада жабдықты пайдалануға беру рәсімі кезінде республика қаржы министрлігінің кеден бақылауы комитеті төрағасының орынбасары Игорь Тен.
Құралдарды Қазақстанда "Қорғаудың екінші линиясы" халықаралық бағдарламасы аясында ядролық материалдардың заңсыз тасымалдануының алдын-алу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді орындау шеңберінде АҚШ, Норвегия, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия елшіліктері тегін орнатып берген.
АҚШ-тағы Қазақстан елшісі Кеннет Фэйрфакстің хабарлауынша, бұл Қазақстанда осындай жабдық орнатылған 24-ші кеден бекеті екен.
Астаналық кеден бақылауы департаментінің баспасөз қызметінен берілген ақпаратқа қарағанда, Астана әуежайында радиоактивті материалдарды табу үшін мониторлар қазақстандық және америкалық сарапшылар дайындаған стандарттарға сай орнатылған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін