Астананың әуежайында радиацияны анықтауға арналған "Янтарь" жүйесі орнатылған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың әуежайында радиацияны анықтауға арналған "Янтарь" жүйесі орнатылған

Астананың әуежайында радиацияны анықтауға арналған "Янтарь" жүйесі орнатылған

Астанада халықаралық әуежайда радиацияны анықтауға арналған "Янтарь" жүйесі пайдалануға берілді.

  • 9 Қараша 2012
  • 331
Фото - Caravan.kz

«Бұл ресейлік өндірісте шығарылған жүйе, ол кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте кеңінен қолданылуда. Ол нормадан асатын кез-келген радиацияны сезіп қояды», деді жұмада жабдықты пайдалануға беру рәсімі кезінде республика қаржы министрлігінің кеден бақылауы комитеті төрағасының орынбасары Игорь Тен.

Құралдарды Қазақстанда «Қорғаудың екінші линиясы» халықаралық бағдарламасы аясында ядролық материалдардың заңсыз тасымалдануының алдын-алу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді орындау шеңберінде АҚШ, Норвегия, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия елшіліктері тегін орнатып берген.
АҚШ-тағы Қазақстан елшісі Кеннет Фэйрфакстің хабарлауынша, бұл Қазақстанда осындай жабдық орнатылған 24-ші кеден бекеті екен.
Астаналық кеден бақылауы департаментінің баспасөз қызметінен берілген ақпаратқа қарағанда, Астана әуежайында радиоактивті материалдарды табу үшін мониторлар қазақстандық және америкалық сарапшылар дайындаған стандарттарға сай орнатылған.

Соңғы жаңалықтар