Жарияланды: 640

Астананың Білім басқармасы қолайсыз ауа райына байланысты сабақтар тоқтатылатын параметрлерді еске салды

Астана қаласының Білім басқармасы ата-аналардың назарына

қысқы кезеңдегі ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім беру ұйымдарында (жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік лицейлер және колледжердің 1-2 курс оқушылары) сабақтарды тоқтату параметрлерін ұсынды. Оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың төмендегідей параметрлері Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленді: 1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда; 1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда; 1-11 (12) сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде (1-2 курс оқушылары үшін - 35 градустан төмен болғанда); Сабақты тоқтату туралы ақпарат «31-канал» теледидар арнасының жүгіртпе жолында сағат 6.45-тен 7.45-ке дейін (бірінші аусым үшін) және 12.15-тен 13.00-ге дейін (екінші аусым үшін) беріледі. Сондай-ақ сабақты тоқтату туралы ақпаратты 118-01 (9.00-ден 18.00-ге дейінгі аралықта), 169 (ақылы) қызметі телефондарынан алуға болады. Сонымен қатар, ата-аналар өздерінің балалары оқитын мектептің кезекші жетекшісіне не мектеп әкімшілігіне хабарласуына болады. Ақпаратты Білім басқармасының bilim.astana.kz сайтынан оқуға болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін