Астананың Білім басқармасы қолайсыз ауа райына байланысты сабақтар тоқтатылатын параметрлерді еске салды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың Білім басқармасы қолайсыз ауа райына байланысты сабақтар тоқтатылатын параметрлерді еске салды

Астананың Білім басқармасы қолайсыз ауа райына байланысты сабақтар тоқтатылатын параметрлерді еске салды

Астана қаласының Білім басқармасы ата-аналардың назарына

  • 30 Қазан 2012
  • 631
Фото - Caravan.kz

қысқы кезеңдегі ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім беру ұйымдарында (жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік лицейлер және колледжердің 1-2 курс оқушылары) сабақтарды тоқтату параметрлерін ұсынды.

Оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың төмендегідей параметрлері Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленді:

1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда;

1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда;

1-11 (12) сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде (1-2 курс оқушылары үшін — 35 градустан төмен болғанда);

Сабақты тоқтату туралы ақпарат «31-канал» теледидар арнасының жүгіртпе жолында сағат 6.45-тен 7.45-ке дейін (бірінші аусым үшін) және 12.15-тен 13.00-ге дейін (екінші аусым үшін) беріледі.

Сондай-ақ сабақты тоқтату туралы ақпаратты 118-01 (9.00-ден 18.00-ге дейінгі аралықта), 169 (ақылы) қызметі телефондарынан алуға болады.

Сонымен қатар, ата-аналар өздерінің балалары оқитын мектептің кезекші жетекшісіне не мектеп әкімшілігіне хабарласуына болады.

Ақпаратты Білім басқармасының bilim.astana.kz сайтынан оқуға болады.

Соңғы жаңалықтар