Астананың бірқатар көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың бірқатар көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

Астананың бірқатар көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

Бүгіннен бастап Астананың Иманов көшесіндегі жол-құрылыс жұмыстарының үшінші кезеңі басталуына орай, автожолда қозғалыс шектеледі. Бұл туралы бүгін қалалық Жол полициясы басқармасынгың баспасөз қызметі мәлім етті.

  • 30 Маусым 2011
  • 467
Фото - Caravan.kz

ЖПБ-ның таратқан ақпаратына сәйкес, қозғалыс Иманов көшесінің Уәлиханов көшесі мен Республика даңғылының аралығындағы бөлігі жабылып, көлік қозғалысы шектеледі. Ал Иманов — Уәлиханов және Иманов — Республика қиылыстарын кесіп өтуге еш шектеу жоқ. Аталған себептерге байланысты Иманов көшелерін айналып өту сызбасы әзірленген. Көлік иелері Уәлиханов — Ғ. Қараш және Ғ. Қараш — Бараев қиылыстары бойынша жүре алады. Ұсынылып отырған айналма жолдарда қазір қосымша жол белгілері мен бағдаршамдар орнатылмақ. Онымен бірге әрбір көшені жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жол полициясы инспекторлары қадағалайтын болады. Қайта жаңарту жұмыстары қыркүйек айына дейін жалғаспақ.

Еске сала кетейік, қала әкімдігі Иманов көшесінде инженерлік жүйелерді түгелімен жаңасына ауыстырып, автомобиль жолын төрт жолаққа дейін кеңейту жұмыстарын бастаған болатын.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылы елордада 100 шақырымнан астам жол төселеді және жөндеуден өткізіледі. Оған қоса, қалаға жаңадан қосылған тұрғын үй орамдарына қарай 55 шақырымдай жолдар тарту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар 1-3 шілде аралығында жылу трассасының қайта жаңартылуына байланысты Мирзоян көшесінің Б. Майлин көшесінен Б. Момышұлы көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.

Соңғы жаңалықтар