Астананың кедендік бақылау департаментінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың кедендік  бақылау департаментінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астананың кедендік бақылау департаментінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астана. 27 қараша. "Қазақстан Бүгіні" - Қазақстанның Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің ішкі қауіпсіздік басқармасы 23 қарашада Астананың кедендік бақылау департаментінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы бүгін агенттікке кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 27 Қараша 2007
  • 389
Фото - Caravan.kz

«Тексеру кезінде анықталғанындай, қазан айында кедендік бақылау департаментінің бас маманы бір азаматшаға мерзімді әскери борышын өтеп жүріп, қызметін асыра пайдаланған деген айыппен, бауырына қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтату туралы мәселені шешу туралы ұсыныс жасаған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Департамент қызметкері құқық қорғау органдарының басшыларына пара ретінде беремін-міс деген сылтаумен $3500 мөлшерінде ақша алған екен.

Ақпарат бойынша, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 177 бабының 2 тармағы бойынша қозғалып (алаяқтық), тергеу жұмыстары жүргізілуде. Жиналған қылмыстық істің материалдары прокуратара органдарына уақтылы тапсырылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті