Астананың коммуналдық базарларында қызанақ пен қияр бағасы 550 теңгеден асырылмайды
![]() |
Астана әкімдігі Жаңа жыл мерекесі қарсаңында бағаны реттеп тұру үшін қызанақ пен қияр сатып алды. |
Бұл туралы Baq.kz ақпаратагенттігіastana.gov.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Көкөністер «Шапағат» коммуналдық базарында сатылады, онда кәсіпкерлер сауда барысында 10%-дан артық қоспауды міндетіне алады.
«Осылайша қызанақтың келісі 500 теңгеден аспайтын болса, қиярдың бағасы 550 теңге көлемінен аспайды, бұл аталған көкөністің тапшылығын азайтып әрі қарай бағасының өсіп кетпеуінің алдын алады», - деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін