«Астанада 14-не 15 қаңтарға қараған түннің өзінде 30 мың текше метрден астам қар шығарылды, делінген қалалық әкімдік баспасөз қызметінің бүгінгі хабарламасында.
Қар жинауға 709 техника мен «Астана Тазалық» ЖШС-нің 300-ден астам жұмысшысы жұмылдырылды.
Екі күн ішінде қалада 6-8 мм қар түскен.
Қоғамдық көлік қалыпты режімде жұмыс істеуде.