Астананың Промышленный тұрғын алабында болған өрттің салдарынан 6 бала мен ер адам зардап шекті
![]() |
Кеше сағат 13.23-те Астанада, Промышленный тұрғын алабының 2 қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйінде өрт болды. |
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 қабатта орналасқан пәтер отқа оранған.
Өрт 20 минуттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 26 адамы мен 7 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицина орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Орын алған өрттің салдарынан 6,5,4,2 және 1 жасар екі сәби, барлығы 6 бала мен 55 жастағы ер адам иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін