Астананың Промышленный тұрғын алабында болған өрттің салдарынан 6 бала мен ер адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 518.5
  • 601.62
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың Промышленный тұрғын алабында болған өрттің салдарынан 6 бала мен ер адам зардап шекті

Астананың Промышленный тұрғын алабында болған өрттің салдарынан 6 бала мен ер адам зардап шекті

Кеше сағат 13.23-те Астанада, Промышленный тұрғын алабының 2 қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйінде өрт болды.

  • 4 Желтоқсан 2012
  • 319
Фото - Caravan.kz

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 қабатта орналасқан пәтер отқа оранған.

Өрт 20 минуттан кейін сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 26 адамы мен 7 техникасы, ҚР ТЖМ «Апаттар медицина орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Орын алған өрттің салдарынан 6,5,4,2 және 1 жасар екі сәби, барлығы 6 бала мен 55 жастағы ер адам иіс тиіп уланып, ауруханаға жеткізілді.