Астананың қоғамдық көліктерінде «электронды билет» енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың қоғамдық көліктерінде «электронды билет» енгізіледі

Астананың қоғамдық көліктерінде «электронды билет» енгізіледі

Астананың қоғамдық көліктерінде «электронды билет» енгізіледі. Бұл туралы өзінің блогында елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов хабарлады.

  • 12 Қараша 2012
  • 369
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі күні жол қозғалысы ережелерін бұзудың, бағдарлардағы бірін-бірі басып озудың, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы төмендігінің басты себебі қолма-қол ақша жинаудан болып отыр. Осы аталған кемшіліктерді жою және сервис қызметін жақсарту мақсатында бүгінгі таңда 2013 жылы жолаушыларға билетті электронды түрде беру — «Электронды билет» жобасы» пысықталуда, деп жазды И.Тасмағамбетов.

Оның айтуынша, бұл ілкі жоба, оның бастапқы кезеңінде қалалық қоғамдық көліктерде кондукторлар өз жұмыс орындарын сақтайды. Ал жүйенің өзін кезең-кезеңімен енгізу көзделуде.

«Әзірге кондукторлардың жұмыстан босап қалуға қапалануының жөні жоқ»», — деп қосты әкім.

Соңғы жаңалықтар