Елорданың сол жағалауында алғаш рет біржақты қозғалыс енгізілмекші, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Астана LRT» компаниясының көлік қатынасы бойынша директоры Рустам Халилевтің айтуынша, ондай қозғалыс Ақмешіт пен Түркістан көшелерінде енгізіледі. «Себебі аталған көшелер өте тар, құрылыс нормаларына сәйкес келеді. Бірақ көлік ағыны тым көп, екіжақты қозғалыс үшін ауыр болып тұр»,-дейді ол. Айта кетейік, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында қаланың оң жағалауындағы екі көшеде тағы біржақты қозғалысын енгізу жоспарланып отыр. Ал қала әкімі Исекешев қоғамдық көлік қатынасын таңғы сағат 6-ға дейін ұйымдастыруды көздейді.