Астананың төтенше жағдайлар қызметі жарылысқа қатысты арнайы жаттығу өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың төтенше жағдайлар қызметі жарылысқа қатысты арнайы жаттығу өткізді

Астананың төтенше жағдайлар қызметі жарылысқа қатысты арнайы жаттығу өткізді

Астананың орталық базарында жарылыс болып, бірнеше адам ауыр жараланды. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар тұтанған өртті ауыздықтап, сол маңдағы жұртты қауіпсіз аймаққа көшірді. Бірақ жарылыстың алдын-алу мүмкін болмады. Дәл осындай сценарий бойынша бүгін Астанада төтенше жағдайлар қызметінің жаттығуы өтті. 

  • 29 Шiлде 2011
  • 499
Фото - Caravan.kz

Базар ішінде белгісіз жатқан мына зат жұртты әп-сәтте дүрліктірді. Артынша іле-шала жарылғыш зат іске қосылып, айналаны жалын шарпыды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жедел жеткенімен, жарақат алып есеңгіреп қалғандар бар. Олардың барлығына бірдей медициналық көмек көрсетіліп, қалған адамдар сегіз минуттың ішінде қауіпсіз аймаққа көшірілді. Осылайша жоспарланған жаттығу жұмысы сәтті өтті. Халық абыржып қалмасын деп оларға да алдын-ала ескертілген екен.  

Қуаныш Пернебайұлы, Астана қаласының тұрғыны:

-Кеше бәріне ескертті учебный болады, бәрі жақсы өтеді ешқандай паника болмасын деді.

Астанадағы барлық жаттығу бұған дейін өртке қатысты болып келген еді. Бұл жолы адам көп шоғырланған базарда жарылғыш зат бар деген сценариймен сынақ өткізілді. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені соңғы 1-2 ай ішінде Ақтөбе облысында атыс-шабыс, жарылыс орын алып, тіпті, Астана қаласының өзінде де бір көлік жарылып, бірнеше адамның мерт болғаны белгілі.


Ернар Сұлтанов, Сарыарқа аудандық ТЖБ бөлім бастығы:

-Осы жағдай жиі қайталанып жатқан жағдай соған дайындығын көру тексеру болатын. Халық, базар жақсы деңгейде, дайын. Өдеріңіз көргендей тез, әрекеті тез болды.

Осындай қауіп-қатерлердің бетін әрі қылсын, бірақ өрт, медицина және құтқару қызметтерінің дайындығын бір пысықтап алу артық етпейді дейді бүгінгі жаттығуды ұйымдастырғандар. 

Соңғы жаңалықтар