Жарияланды: 420

Астананың туристік рәмізі байқауы қала күніне дейін ұзартылды

Өткен жылдың қараша айында Қазақстан астанасы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Осы айтулы оқиға Астананың үздік туристік рәмізі байқауын өткізуге тек еліміз аумағында ғана емес, шетелде де аса қызығушылық туғызды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Әкімдіктің ақпаратына қарағанда, шығармашылық байқау ауқымды сипаттағы іс-шараларды атқаруды талап етуде. Осыған байланысты ұйымдастырушылар жұмыстарды қабылдау мерзімі қала күніне дейін ұзартылғанын хабарлаған. Еске салайық, байқауға үш жастан алпыс жасқа дейінгі 100-ден астам адам қатысты. Жұмыстар Қазақстанның түкпір-түкпірінен жіберілуде. Соңғы жұмыстар Алматы, Өскемен, Семей, Шымкент және Тараз қалаларынан келді. Сонымен қатар, туристік рәміздер туралы өз идеяларымен Ресей мен Латвия тұрғындары да бөлісуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін