Әкімдіктің ақпаратына қарағанда, шығармашылық байқау ауқымды сипаттағы іс-шараларды атқаруды талап етуде. Осыған байланысты ұйымдастырушылар жұмыстарды қабылдау мерзімі қала күніне дейін ұзартылғанын хабарлаған.
Еске салайық, байқауға үш жастан алпыс жасқа дейінгі 100-ден астам адам қатысты. Жұмыстар Қазақстанның түкпір-түкпірінен жіберілуде. Соңғы жұмыстар Алматы, Өскемен, Семей, Шымкент және Тараз қалаларынан келді. Сонымен қатар, туристік рәміздер туралы өз идеяларымен Ресей мен Латвия тұрғындары да бөлісуде.