Астананың үздік жол полицейі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың үздік жол полицейі анықталды

Астананың үздік жол полицейі анықталды

Елордада үздік жол полицейі анықталды.

  • 13 Қараша 2012
  • 380
Фото - Caravan.kz

Бұл мәртебелі атаққа жеке мамандандырылған батальонның аға инспекторы, полиция капитаны Бақытәлі Төлегенов ие болды.

«Өз кәсібінің үздігі» байқауында ол жол қозғалысы ережесін, заңнаманы білу, физикалық және қарудан оқ ату дайындығы, іс жүзінде көше қиылысындағы жол қозғалысын реттеу, шолғыншы автомобилімен және жүк көлігімен жылдамдықпен епті жүру, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету сынды сайыстарда үздік танылды.

Бұдан бөлек айта кетерлігі, Б.Төлегенов кезектен тыс аттестаттаудың барлық кезеңінен үздік көрсеткішпен өткен болатын.

«Полицейлерде жұмыс күні нормаланбаған. Сондықтан да мен күн сайын таңғы 5-те тұрып, бір сағат бойы таза ауада дене шынықтырамын», — дейді ол.

Алдағы уақытта полиция капитаны «Өз кәсібінің үздігі» республикалық байқауының ақтық сынына қатысады.