Астананың жаңа ауданы 1 қыркүйектен бастап қызметке кіріседі - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың жаңа ауданы 1 қыркүйектен бастап қызметке кіріседі

Астананың жаңа ауданы 1 қыркүйектен бастап қызметке кіріседі

Астана. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Есіл атты Елорданың жаңа әкімшілік ауданы Астананың басқару кестесіне енгізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Вечерняя Астана" газетіне сілтеме жасай отырып.

  • 20 Тамыз 2008
  • 765
Фото - Caravan.kz

Басылымның хабарлауынша, 18 тамызда болған қалалық мәслихат сессиясында депутаттар жаңа әкімшілік ауданның шекарасын бекітті. Ол 31,2 мың гектарды алып жатыр.

«Ендігәрі Сарыарқа ауданының әкімдігі 19,6 мың гектар жерді басқаратын болса, ал бұрын құрамына сол жағалау кірген Алматы ауданында 21,7 мың гектар жер қалды», — деді Астана қалалық жер қатынастары басқармасының бастығы Төлеуғазы Нұркенов.

Алматы және Сарыарқа аудандарын бұрынғыдай Республика және Бөгенбай батыр даңғылдары, сондай-ақ, бұрынғы Софиев, қазіргі Алаш шоссесі бөледі. Жаңа ауданның шекарасы салынып жатқан тасқынға қарсы бөгеннен бастап М1 көпіріне және Сарыарқа даңғылындағы көпірге дейін жалғасады, деп жазады газет.

55 адамнан құралатын Есіл ауданының әкімінің аппаратын қалыптастыру үшін қалалық бюджеттен 38 млн 400 мың теңге бөлінді.

«Аудан әкімінің аппаратын құру туралы қаулы қабылданды. Құжаттар тіркеуден өтуде. Есіл ауданы 1 қыркүйектен бастап қызметке кіріседі», — деп хабарлады Астана қаласы әкімінің аппаратының жетекшісі Жанболат Мурзалин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар