Астананың жаңа ауданына Байқоңыр атауын беру ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Астананың жаңа ауданына Байқоңыр атауын беру ұсынылды

Астананың жаңа ауданына Байқоңыр атауын беру ұсынылды

Астана қаласының ономастикалық комиссиясы елорданың төртінші ауданына Байқоңыр атауын беруді ұсынды.

  • 13 Ақпан 2018
  • 135
Фото - Caravan.kz

Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаевтың айтуынша, бұған дейін ономастикалық комиссияға бірнеше атаулар ұсынылған екен. Атап айтқанда, Тәуелсіздік, Қорғалжын сынды  тарихи атаулар болды, деп хабарлайды Елорда инфо.

"Төртінші ауданның атауы ретінде бірнеше атаулар келіп түсті. Соның бәрін қарай отырып, сіздермен ақылдасайық деп алдарыңызға келіп отырмыз. Астана егеменді елдің елордасы болғандықтан оның атаулары келбетіне сай болуы керек" — деді  Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Тілеуғали Қышқашбаев.

Бүгінде Байқоңыр ғарыш айлағының жұмысына 60 жылдан асты.

"Ұлт мақтаныштары Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов осы Байқор айлағынан  ғарышқа ұшып, абыройымызды асқақтатқан болатын. Сондықтан жаңа ауданға адамзат тарихында орны бар, аты алтын әріппен жазылған Байқоңыр атауын беруді ұсынамыз" — деді ономастикалық комиссия төрағасы.

Қоғамдық кеңеске қатысқан маслихат депутаттары комиссия ұсынысын бірауыздан қолдады. Енді аталған атау халықтың талқысына салынады.


Айта кетейік, Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, елорданың төртінші ауданында шамамен 150 көше болады.

Елордада құрылып жатқан жаңа ауданға Алматы және Сарыарқа аудандарының аумағынан ішінара 16,5 мың гектар жер беріледі.

Соңғы жаңалықтар