Астананың жас хоккейшілері ел чемпионатында күміс алды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың жас хоккейшілері ел чемпионатында күміс алды

Астананың жас хоккейшілері ел чемпионатында күміс алды

Астанада 13 сәуірде 2003 жылы дүниеге келген балалар командасы арасында шайбалы хоккейден «Б» тобында Қазақстан чемпионатын аяқталды.

  • 15 Сәуiр 2013
  • 336
Фото - Caravan.kz

9 сәуірде басталған үшінші турдың қорытындысынан кейін жеңімпаздарды анықтау мүмкіндігі туды. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Барыс» спорттық клубы мұз айдынында бес ойында да жеңісті Өскеменнің «Торпедо-03» командасы уысынан шығармады. Олар кезекті рет турдың қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинап өз ұстанымдарын сақтап қалды және Қазақстан чемпионы атанды.

Оларға 4:6 есебімен есе жіберген елорданың командасы күміс медальді қанағат тұтты. Астаналық «Алау» командасы төрт кездесуде Өскеменнің «Торпедо-04-ін» — 10:0, Бішкектің «Илбирсін» 7:1, Көкшетаудың «Бурабайы» мен Сәтбаевтың «Қазақмысын» 9:1 есебімен ұтты.

Қырғызстаннан келген «Илбирс» үшінші орынға шықса, қорытынды турда төртінші орынға табан тіреді. Алайда бұрын алған ұпайларының арқасында өздерінің жүлделі орындарын сақтап қалды.

Төртінші орында Ақмола облысының «Бурабайы», бесінші орында — «Торпедо-04».

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера