«Астана-Петропавл» тас жолында көлік апаты орын алды, зардап шеккендер бар - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана-Петропавл» тас жолында көлік апаты орын алды, зардап шеккендер бар

«Астана-Петропавл» тас жолында көлік апаты орын алды, зардап шеккендер бар

Бүгін түнде «Астана-Петропавл» тасжолының бойында жол апаты орын алып, үш жолаушы жапа шекті, деп хабарлады «ҚазАвтожол» РМК Ақмола филиалының диспетчері.

  • 23 Қазан 2015
  • 541
Фото - Caravan.kz

«Жол-көлік оқиғасы бүгін түнгі уақыт 03:00 минутшамасында Бурабай ауданының Жасыл ауылы маңынан өтетін «Астана-Петропавл» тасжолының 217-шақырымында орын алған. Астанаға бағыт алған жол талғамайтын «МитсубисиМонтеро Спорт» көлігі жолдың шетінде сынып тұрған «Ивеко» көлігіне соғылған. Осының салдарынан «Митсубиси Монтеро Спорт» көлігінде болған үш жолаушы зардап шекті.

Алдын ала болжам бойынша суықтан «Ивеко» көлігінің артқы дөңгелектері айналмай қатып қалған. Көлік жүргізушісі апатты дабылдамасын да қосып қойған көрінеді. Дегенмен, жолдың тайғақтығын ескермеген «Митсубиси Монтеро Спорт»  көлігінің 1969 жылғы жүргізушісі рөлге ие бола алмай жол-көлік оқиғасына себепкер болған» деп көрсетілген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар