«Астана-Қарағанды» автожолының құрылысына отандық инвесторлар тартылуы ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана-Қарағанды» автожолының құрылысына отандық инвесторлар тартылуы ықтимал

«Астана-Қарағанды» автожолының құрылысына отандық инвесторлар тартылуы ықтимал

«Астана-Қарағанды» автожолының құрылысы отандық инвесторларды тарту арқылы жүзеге асуы мүмкін.

  • 25 Қазан 2012
  • 343
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Көлік және коммуникация министрлігі Автокөлік жолдары комитетінің төрағасы Нұрланбек Өмірбаев журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.

«Астана-Қарағанды» автожолының құрылысы бойынша концессионер таңдау конкурсы екі мәрте өткен болатын. Бірақ, онда конкурс ешнәрсені анықтамаған еді. Ал қазіргі таңда автожолдарды басқаратын ұлттық оператор айқындалған соң осы жобаны қаражаттар тарту арқылы жүзеге асырғымыз келеді және олар отандық инвесторлар болуы мүмкін», — деді Н. Өмірбаев.

Оның айтуынша, бүгінгі күні аталған жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындауға қаражат бөлініп, конкурстық құжаттар әзірленуде. Ал конкурсты келесі жылдың екінші жартысында жүзеге асыру күтіледі.

Соңғы жаңалықтар