«Астана-таңдауы» жеңімпаздары құнды және ескерткіш сыйлықтар алады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана-таңдауы» жеңімпаздары құнды және ескерткіш сыйлықтар алады

«Астана-таңдауы» жеңімпаздары құнды және ескерткіш сыйлықтар алады

«Астана Таңдауы» жалпықалалық байқауының жеңімпаздары халық сүйіспеншілігіне бөленуден басқа, материалдық сыйлықтарға да ие болады.

  • 12 Маусым 2013
  • 365
Фото - Caravan.kz

Әр аталым бойынша жеңімпаз Астана қаласы әкімінің грамотасын, планшетті компьютер, Бурабай шипажайына жолдама мен аты жазылған мүсінше алады. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты хабарлады.

Сонымен қатар, әр жеңімпаз республикалық арналардан көрсетілетін арнайы қысқа деректі фильмге түсірілетін болады. Ал кәсіби әрлеушілер мен фотосуретшілер фотосессия өткізіп, портфолио дайындайды.
Сондай-ақ, жеңімпаздарға Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына орай өткізілетін концерттердің билеттері табысталады.
Еске салайық, «Астана Таңдауы» байқауына дауыс беру елорда әкімдігінің www.astana.kz. ресми интернет ресурсында 10 маусымға дейін ашық болды. Үздік мұғалімді, дәрігерді, учаскелік инспектор мен құрылысшыны, жолшы мен қоғамдық көлік жүргізушісін және энергетикті таңдау 2013 жылдың 25 маусымына дейін жалғасады.
Екі күнде Астана тұрғындары үздік жұмысшылар үшін 2 500-ге тарта дауыс берді. 7 аталымның арасында мұғалімдер мен дәрігерлер көш бастауда.

Перейти к новостям спорта