«Кезінде бұл орталықтың құрылысын салуға біз Қазақстан президентінің қолдауымен кіріскен едік»,- деді А.Жилкин. Оның айтуынша, ұлы ақын әрі сазгер жерленген Астрахань облысындағы Алтын Жар ауылының аумағында Құрманғазы кесенесі ашылған. Ал қазір ұлттық-мәдени кешен құру жұмыстары аяқталуға жақын. «Біз қыркүйек айында кешенді ашуға дайынбыз. Бұл туралы мен бүгін Қазақстан президентін хабардар етіп, президенттің өзін , ел басшылығын және қалаған қазақстандықтарды орталықтың ашылу рәсіміне шақырамын»,- деді А.Жилкин.
Оның айтуынша, Ресей аумағында Құрманғазы атындағы ұлттық-мәдени кешенді құру және оны қаржыландыру жұмыстарына Қазақстанның үш облысы мен РФ Астрахань губерниясы үлес қосуда.