Астраханда Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған кітап таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астраханда Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған кітап таныстырылды

Астраханда Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған кітап таныстырылды

Құрманғазы атындағы Астрахан өңірлік мәдениет орталығында биыл атап өтілетін қазақтың көрнекті композиторы, домбырашы, Қазақ КСР-нің халық әртісі Дина Нұрпейісованың 160 жылдық мерейтойына орай шығарылған "Түркі әлемінің ұлы композиторы" кітабының тұсаукесері өтті.

  • 26 Қараша 2021
  • 15
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде жарық көрген кітапта күйші өмірі туралы бұрын-соңды жарияланбаған бірегей деректер бар.
Іс-шараны Астрахандағы ҚР Бас консулдығы Астрахан облысының халықаралық байланыстар агенттігі мен мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.  

Тұсаукесер қонақтары ғалымдардан, этнографтар мен музыканттардан құралған Қазақстан делегациясы, жергілікті мемлекеттік органдары, қазақ диаспорасының өкілдері және аймақ тұрғындары болды.


Соңғы жаңалықтар