Астраханьда лаңкеске ақша жеткізген қазақ қызы іздестіріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астраханьда лаңкеске ақша жеткізген қазақ қызы іздестіріліп жатыр

Астраханьда лаңкеске ақша жеткізген қазақ қызы іздестіріліп жатыр

Ресей тергеу комитетінің Астрахань облысындағы айрықша маңызды істер бойынша тергеу бөлімі

  • 8 Желтоқсан 2015
  • 444
Фото - Caravan.kz

террорлық әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы қазақ қызы Майя Дүйсенғалиеваны іздестіріп жатыр.

Бұл туралы «Астрахань.Ru» хабарлады.

Қылмыстық істі тергеу барысында Дүйсенғалиеваның 2012 жылғы қазан айының басында әлеуметтік желілердің бірінде Фарид Фатуллаев деген жігітпен танысқаны анықталды. Өзара қарым-қатынас барысында Фатуллаевтың исламның радикалды ағымын ұстанатыны айқындала түседі.

Ол Ресей территориясында заңсыз құрылған қарулы жасақтар құрамында ұрыс қимылдарына қатысуты жоспарлап жүрген болып шықты. Осыған байланысты ол әлеуметтік желіге өзінің террорлық іс-әрекетіне қолдау көрсету мақсатында жұрттың қаржылай көмегін сұраған хабарландыруын орналастырады.


Міне, осыдан кейін Дүйсенғалиева желі арқылы ғана таныстығы бар Фатуллаевтың Ресей мен Сирия территориясында соғысу мақсатында қару-жарақ сатып алуы үшін ашып қойған банк картасына 20 мың рубль көлемінде ақша аударып жібереді.

Кейін тергеу органдары Майя Дүйсенғалиеваның тұратын мәнзілін іздестірген кезде оны табуып алу мүмкін болмай шығады. Сондықтан 2015 жылғы 17 қазанда оған халықаралық іздестіру жарияланады. Сот оған құлып астына алу түріндегі шара қолдануды белгілеп береді.

Соңғы жаңалықтар