Астраханьда Наурыз мейрамын тойлау күндері қазақ мәдениеті фестивалі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астраханьда Наурыз мейрамын тойлау күндері қазақ мәдениеті фестивалі өтті

Астраханьда Наурыз мейрамын тойлау күндері қазақ мәдениеті фестивалі өтті

Астрахань қаласында Наурыз мейрамын тойлау күндері «Жолдастық» қазақ мәдениеті қоғамының ұйымдастыруымен қазақ мәдениеті фестивалі болып өтті.

  • 24 Наурыз 2011
  • 586
Фото - Caravan.kz

Қоғамның төрағасы Ахмет Жәркеновтың айтуынша, Астрахань облысында жыл өткен сайын қазақ мәдениетіне, халықтың тарихына деген қызығушылық артып келе жатыр. Мұнда қазақ тілінде «Ақ арна» газеті шығып жатыр, қазақ тілін оқытатын мектептер саны артып келеді. Қазақстанмен ынтымақтастық байланыстары нығайып келеді. Осыған дәлел ретінде осы өткізіліп отырған фестивальды айтуға болады, оған Астраханьда тұрып жатқан көптеген ұлттардың өкілдері қатысты.

Фестивальда «Ақмарал», «Самал» шығырмашылық ұжымдары, Құрманғазы атындағы ансамбль өнер көрсетті. Сонымен қатар кітап көрмесі, жергілікті суретшілердің туындылары мен қолөнер туындыларының көрмесі де ұйымдастырылды.

Перейти к новостям спорта