Астраханьда қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық шығармашылығы таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астраханьда қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық шығармашылығы таныстырылды

Астраханьда қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық шығармашылығы таныстырылды

Ресейдің Астарахань  қаласында «Шығыс пен Батыс: этникалық үйлесімділік пен дәстүрлі музыкалық мұра өркениеттер мен мәдениеттер диалогы ретінде» тақырыбындағы ІІ Халықаралық ғылыми конгресс өз жұмысын аяқтады.

  • 6 Қыркүйек 2013
  • 594
Фото - Caravan.kz

17 елден келген 40-қа жуық қатысушы мәдени мұраны сақтау ісіндегі өз тәжірибелерімен бөлісті.

Конгрестің соңғы күні Құрманғазы Сағырбаев атындағы аймақтық орталықта өтті. Қонақтарды Қазақстан Республикасының Астрахандағы консулы Асхат Сыздықов қарсы алды. Құттықтау сөзінде ол ұлттар мен ұлыстарды мәдениет біріктіреді деп атап өтті.

«Музыка, әсем әндер арқылы халықтың жан-дүниесін, ұлттық ерекшеліктерін байқауға болады. Бүгін біз сіздерге қазақ халқының тұрмысын, салт-дәстүрлері мен ұлттық шығармашылығын таныстыруға тырыстық. Конгресс Еуропа мен Азия арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайта түседі деп сенемін», — деді ол.

Конгресс қатысушылары Құрманғазы мұражайын ерекше атап өтіп, «Шашу», «Беташар» секілді қазақтың ұлттық салттарымен, қазақтың декоративті қолданбалы өнерімен танысуға мүмкіндік алды.


Перейти к новостям спорта