Астраханьдағы жастар саммитінде Каспий жағалауы елдері жастарының күні белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астраханьдағы жастар саммитінде Каспий жағалауы елдері жастарының күні белгіленді

Астраханьдағы жастар саммитінде Каспий жағалауы елдері жастарының күні белгіленді

Астраханьдағы жастар саммитінде 28-қыркүйекте Каспий жағалауы елдері жастарының күнін атап өту туралы шешім қабылданды.

  • 29 Қыркүйек 2014
  • 402
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы аймақ губернаторының баспасөз қызметі хабарлады.

Жастар саммиті Каспий жағалауы елдерінің IV саммиті қарсаңында өткен болатын. Оған Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттердің жастар қоғамдастықтары, ЖОО және жастар саясатымен айналысатын органдардың өкілдері қатысты.

«Отырыстан кейін жастардың көшбасшылары Астрахань мемлекеттік университетіне атбасын тіреді. Сол жерде ынтымақтастық туралы қарарға қол қойылды. Қарардың бір бабында 28-қыркүйекте Каспий жағалауы елдері жастарының күнін атап өту туралы айтылған», — делінген хабарламада.