Астраханьдық кеме жасаушылар Құрық айлағында кеме верфін салуға атсалысу мүмкіндіктерін қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астраханьдық кеме жасаушылар Құрық айлағында кеме верфін салуға атсалысу мүмкіндіктерін қарастыруда

Астраханьдық кеме жасаушылар Құрық айлағында кеме верфін салуға атсалысу мүмкіндіктерін қарастыруда

АҚТАУ. 25-тамыз. Kazakhstan Today. Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігін игере бастауға байланысты "Қазақтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме компаниясы Құрық ауылы маңында кеме жөндеу зауытын салуды жоспарлап отыр. Ал Астраханьдық кеме жасаушылар осы жобаны жүзеге асыруда тең инвестор болуды межелеген. Бұл туралы Астрахань облысының губернаторы Александр Жилкин Ақтауда өткен брифингте құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 25 Тамыз 2006
  • 622
Фото - Caravan.kz



Оның айтуынша, Астрахань облысының аумағында 16 кеме жасау зауыты бар, осы верфьтерге берілген тапсырыстардың 42 проценті Каспийдің Қазақстандық қайраңында жұмыс істейтін компанияларға бағытталған. «Осыған байланысты біз Құрықта кеме жөндеу зауытын салуға атсалысуға дайынбыз»,- деді А.Жилкин.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеме жөндеу зауытының құрамына қалқымалы док, кемелерді көтеруге арналған алаң, кеме жөндеу және кеменің корпустық жұмыстарына арналған шеберханалар енетін болады. Халықаралық стандарт деңгейінде түрлі жөндеу жұмыстарын жүргізу мен док қызметі тек отандық кемелерге ғана емес, сонымен бірге, Каспийдің айналасындағы елдердің кеме компанияларына да көрсетіледі. Келешекте зауыт шельфте де, құрғақта да мұнай өндіру операцияларын жүргізуге арналған металл құрылғылар мен басқа да өнімдер шығаруға маманданған ірі кәсіпорынға айналады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта