Астық нарығы туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер Қазақстанға астық экспортын шектеу шараларынан қашқақтауға мүмкіндік береді - Күрішбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астық нарығы туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер Қазақстанға астық экспортын шектеу шараларынан қашқақтауға мүмкіндік береді - Күрішбаев

Астық нарығы туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер Қазақстанға астық экспортын шектеу шараларынан қашқақтауға мүмкіндік береді - Күрішбаев

Астана. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Астық нарығы туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер Қазақстанға астық экспортын шектеу шараларынан қашқақтауға мүмкіндік береді. Бұл туралы еліміздің Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев бүгін үкіметтің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Қыркүйек 2008
  • 796
Фото - Caravan.kz

«Бұл заңды қабылдау ішкі нарықты қорғау, өңірлерде астық, ұн мен нанның бағасын тұрақтандыру, астықтың бар-жоқтығы және жұмсалуы туралы ақпараттың шынайылығы, астық экспортын шектеу немесе оған тыйым салу шараларын қолданбауды қамтамасыз етеді», — деді А. Күрішбаев.

Оның айтуынша, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу және агроөнеркәсіптік кешеннің жекелеген бағыттарын мемлекет тарапынан қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының басты мақсаты — ішкі нарықты тұрақтандыру және реттеу, инфляцияны тежеу, мемлекеттік, соның ішінде астықтың тұрақтандыру қорын құру және пайдалану тетіктерін заңмен бекіту, сондай-ақ, астық мониторингі мен оны есепке алудың шынайылығын көтеру. Заң жобасы бойынша астық туралы, агроөнеркәсіптік кешен мен ауылық аумақтарды дамыту және мемлекеттік реттеу туралы, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске түзетулер енгізу қарастырылған», — деді министр.

Бүгін өткен үкіметтің отырысында үкімет мүшелері аталған заң жобасын келісті. Құжат енді ел парламентіне жолданады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар