Асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелеріне арналған заң жобасы Мәжілісте үшінші оқылымда талқыланатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелеріне арналған заң жобасы Мәжілісте үшінші оқылымда талқыланатын болады

Асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелеріне арналған заң жобасы Мәжілісте үшінші оқылымда талқыланатын болады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші

  • 29 Маусым 2011
  • 628
Фото - Caravan.kz

оқылымда мақұлдады. Құжат одан сайын жетілдіре түсу үшін үшінші оқылымда да Мәжілісте талқыланатын болады. Осыған орай заң жобасы мәжілістің бас комитетіне тапсырылды.

Заң жобасы еліміздегі асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталады. Бұл ретте, өсімдік және мал шаруашылығының негізгі салаларын дамытумен қатар бал арасы шаруашылығы мен балық шаруашылығы сияқты қосымша салаларды қолдау шаралары қарастырылып отыр. Осылайша заң жобасында «мал» деген ұғымды кеңейту көзделеді. Бұл оларға ауыл шаруашылығында өнім, соның ішінде асыл тұқымды өнім алу үшін табысты пайдаланылатын жануарлардың жаңа түрлерін жатқызуға мүмкіндік береді.

Заң жобасында ұсынылып отырған нормалар таза тұқымды бал арасы мен балықтарды өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъект мәртебесін беруді көздейді. Ал құс шаруашылықтарын асылдандыру жұмысын жүргізу деңгейіне байланысты асыл тұқымды мал зауыттары мен малды асылдандырушы шаруашылықтарға бөлуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты асыл тұқымды құс фермалары мен құсты асылдандырушы шаруашылықтардың құс шаруашылығында селекциялық-асылдандыру жұмысының жүргізілу деңгейі бойынша аражігін ажырату енгізіледі. Құжатты қабылдау болашақта асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің саны мен осындай малдың үлес салмағын арттыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар