Жарияланды: 440

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатын көздейтін заң жобасы екінші оқылымға дайын

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды көздейтін заң жобасы екінші оқылымға дайын.

Бұл жөнінде Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті қорытынды шығарып отыр. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» және «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» заңдарға түзетулер енгізіледі. Заң жобасын қабылдаудың мақсаты - асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру. Асыл тұқымды өнім алу үшін ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын жануарлар тізімі кеңейтіліп отыр. Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында депутаттардан 57 жазбаша түзету келіп түскен, жұмыс тобының 14 отырысы өтті. Салыстырма кестеге парламентшілердің 85 түзетуі енгізілген. Аталған заң жобасы ертең, 29 маусым күні, өтетін Палатаның жалпы отырысының күн тәртібіне ұсынылып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін