Асыл тұқымды ұрықтық бұқаларды өсіруге шамамен Т88 млн бөлу жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асыл тұқымды ұрықтық бұқаларды өсіруге шамамен Т88 млн бөлу жоспарлануда

Асыл тұқымды ұрықтық бұқаларды өсіруге шамамен Т88 млн бөлу жоспарлануда

Асыл тұқымды ұрықтық бұқаларды өсіруге шамамен Т88 млн бөлу жоспарлануда, деп ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

  • 21 Маусым 2011
  • 602
Фото - Caravan.kz

«Бүгіндері асыл тұқымды бұқалардың қымбаттығына және оларды бағып-қағу шығынының көптігіне байланысты, оны фермерлердің мал тұқымын асылдандыруда пайдалануы қиын болып отыр. Осыған байланысты біз фермерлердің қызығушылығын ояту үшін қаржы министрлігіне фермерлердің өз шаруашылықтарына еттік бағыттағы асыл тұқымды бұқаларды сатып алуға шығарған шығынының 50%-ын қайтарып беру туралы есебімізді ұсындық», — деді ол сейсенбі күнгі үкіметтегі селекторлық кеңесте.

Министрдің айтуынша, «бұған барлығы 88 млн теңге шығын жұмсалады» екен.

«Біз ол сомадағы қаражатты аталған бюджеттік бағдарламасына бөлінген қаражатты қайта бөлу арқылы табуға болады деп отырмыз», — деді АШМ басшысы.

Соңғы жаңалықтар