Асылдың сынығы Бақытжан Момышұлы дүние салды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асылдың сынығы Бақытжан Момышұлы дүние салды

Асылдың сынығы Бақытжан Момышұлы дүние салды

9 желтоқсан күні кешкісін Алматы қаласында ұзаққа созылған науқастан Ұлы Отан соғысының батыры, панфиловшы, жазушы Бауыржан Момышұлының ұлы - Бақытжан Момышұлы қайтыс болды.

  • 10 Желтоқсан 2012
  • 2291
Фото - Caravan.kz

Асылдың сынығы Бақытжан Момышұлымен қоштасу рәсімі 11 желтоқсанда, сейсенбіге белгіленді. Газета.кз — интернет порталының ұжымы қазақ тарихында ойып орын алған ұлы адамның тұяғының қазасына қатты қайғырып, көңіл айтады.

Бақытжан Момышұлы — 1941 жылы 3 қазанда Алматы қаласында туған. Некрасов атындағы N910 орыс орта мектебін, шет тілдер педагогикалық институтын бітірген. Жамбыл облысының Жуалы аудандық газетінде тілші, Жамбыл облыстық газетінде аудармашы, «Ленинская смена» газетінде редактор болып істеген.
Шығармашылық жолын аудармашылықтан бастаған. Ш.Мұртазаевтың «Табылған теңіз», «Бұлтсыз күнгі найзағай» повестерін, Ж.Молдағалиевтің, Д.Досжановтың, О.Бөкеевтің, Қ.Найманбаевтың, Б.Бодаубаевтың, Б.Тоғысбаевтың, Ш.Шаваевтың, М.Айымбетовтың, К.Тоқаевтың, т.б. жазушылардың шығармаларын аударды. Бірнеше әңгіме, повесть, романдар жинақтары шықты. Орыс тілінде жазады. Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. Бірнеше медальдармен, «Құрмет» орденімен марапатталған.
Еңбектері:Добрые мосты. Рассказы. «Жазушы», 1972; Раскаленные камин. Повесть, рассказы. А., «Жазушы», 1974; Прозрачные льдины. Повесть, рассказы. А., «Жазушы», 1976; Тихие голоса. Повесть, рассказы. А., «Жалын», 1978; Я еще ребенок. Повесть, рассказы. А., «Жалын», 1982; Когда ты рядом. Роман. «Жалын», 1983; Мен әлі сәбимін. Повесть, әңгімелер. А., «Жалын», 1984. Восхождение к отцу. Романэссе. «Жалын», 1986; ДетиВеликаны.А., «Гылым», 1988;Жанымның жарық жүлдызы. Роман. А., «Жазушы», 1990; Во имя отца. 1 книга. 1991; Звезда брата. 1992; Турксиб земля полководца. 1994; Во имя отца. 2 книга; Сыновья Великого Волка. А., «Өлке», 2004; В поиске света. А., «Өнер», 2004; Путь Огненного Орла. А., «Өнер», 2005; Сердце Волка. А., «Арыс», 2005; Орда алая и Мечеть белая. «Альянс, 2006»; Преломление Света. 2008.

«Газета.кз» интернет порталы 2012 жылдың қараша айынан бастап Бақытжан Момышұлының зайыбы Зейнеп Ахметованың «Бабалар аманаты» естелік-эссесінен үзінділер жариялаған болатын.
(Зейнеп Ахметова, «Бабалар аманаты»)

Аталмыш кітап жайлы 87016520613 (Айгүл) хабарласуларыңызға болады.

Естелік-эссенің басы ҚОҒАМ рубрикасында мына күндері жарияланған:

Зейнеп Ахметова: Қазақ салтын қорлаған түбінде өзі сорлайды

07/11/2012

Зейнеп Ахметова: Сәлемдесе білеміз бе?

13/11/2012

Зейнеп Ахметова: ,Шіріген шөпті мал жаратпас, шіренген жігітті ел жаратпас»

15/11/2012

Зейнеп Ахметова: ……сонда оның қолынан қаруы түсіп қалады

18/11/2012

Зейнеп Ахметова: «Мәдениетті болу — шікірейіп қызметкер болу емес

20/11/2012

Зейнеп Ахметова: Ұлттық қасиет тарылып барады

22/11/2012

Зейнеп Ахметова: Аталы сөздің астарлы мағынасы

27/11/2012
Бауыржан Момышұлы: Еш нәрсе себепсіз жаратылмаған
30/11/2012